Еркін сөйлеңіз

Хабар алмасудың басқа бір әдісімен танысыңыз. Өзіңіз күткен барлық функциялармен ұштасатын, бірақ құпиялыққа сіз күтпегендей көңіл бөлетін әдіс.


99chat қолданбасын алу

Неліктен 99chat қолданбасын пайдаланған дұрыс?

99chat қолданбасының неліктен қарапайым, мықты әрі қауіпсіз мессенджер екенін төмендегі мәтіннен көріңіз

Ақпаратты қауіпсіз түрде алмасу

Заманауи толассыз шифрлау (бастапқы көзі ашық 99chat протоколының негізінде) сіздің әңгімелеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Біз сіздің жазғандарыңызды оқи алмаймыз және телефон қоңырауларыңызды тыңдай алмаймыз. Сондай-ақ басқа ешкім оқи да, тыңдай да алмайды. Құпиялық қосымша таңдауға болатын режим емес, ол – 99chat жұмысының мәні. Әр хабарлама, әр қоңырау, әркез.

Айтқың келгеннің бәрін айту

Мәтінді, дауыстық хабарларды, фотосуреттерді, видеоларды, GIF-тер мен файлдарды тегін алмасыңыз. SMS және MMS ақысын төлемеу үшін 99chat телефонның деректеріне байланысты пайдаланады.

Еркін сөйлеңіз

Алыс аумақтармен байланыс ақысын төлеместен, қала сыртында не мұхиттың ар жағында тұратын адамдарға айқын естілетін телефон қоңырауы және жақсы көрінетін видеоқоңыраумен сөйлесіңіз.

Құпиялықты қатаң сақтау

Шифрланған жапсырмалардың көмегімен әңгімелеріңізге қосымша әсерлі сипат беріңіз. Сондай-ақ өз жапсырмаларыңызды жасап, оларды басқалармен бөлісуге болады.

Топ құрып, араласу

Топтасқан чат арқылы үй-ішіңізбен, достарыңызбен және әріптестеріңізбен әрқашан байланыста болу оңай.

Жарнамасыз. Аңдылмайды. Бұл әзіл емес.

99chat қолданбасында жарнама да, өз тауарларын/қызметтерін ұсынушылар да, жағымсыз аңдушылар да жоқ. Сондықтан қымбатты адамдарыңызбен өзіңіз үшін маңызды сәттерді бөлісуге көбірек назар аударыңыз.

Баршаға тегін

99chat – тәуелсіз коммерциялық ұйым. Біз ешқандай ірі АТ компанияларымен байланысты емеспіз және бізді олардың ешқайсысы сатып ала алмайды. Біздің дамуымызға өзіңіз сияқты адамдардың жәрдемақылары мен қаржылай көмегі үлесін тигізеді.

99chat-ды демеу